Skip to content

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: ЕРКІН КҮРЕСТЕН АЗАМАТ ДӘУЛЕТБЕКОВ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАДЫ

   Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионатында еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 келі) қола жүлдеге және Олимпиада жолдамасына таласады, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

   Жарыстың алғашқы күнінде ел құрамасынан төрт балуан боз кілемге шықты. Олардың қатарынан Азамат Дәулетбеков жартылай финалға дейін қарсылас шақ келтірген жоқ.

  Қазақстандық балуан алдымен литвалық Доманатас Павлюшенконы қапы қалдырса, одан кейін ресейлік Арслан Багаевтан басым түсті.

  Ал ширек финалда ол франциялық балуан Рахим Магамадовты 10:0 есебімен жеңсе, жартылай финалда Дэвид Тейлорға есе жіберді.

  Азаматтың жартылай финалдағы қарсыласы осал емес. 2020 жылы Токио Олимпиадасында чемпион болғаан. Сондай-ақ, екі мәрте әлем чемпионатында (2018, 2022) жеңіс тұғырына көтерілген.

   Енді Азамат 3-орын үшін сынға түседі. Жеңіске жеткен жағдайда қола жүлдемен бірге 2024 жылғы Париж Олимпиадасына берілетін жолдамаға ие болады.

  Жеңілген жағдайда 5-орын үшін сайысып, Олимпиадаға берілетін тағы бір жолдаманы сарапқа салады.

  Азамат Дәулетбеков 1994 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін 2022 жылы әлем чемпионатында қола жүлде алса, Азия чемпионатында 2022, 2023 жылдарда бас жүлдеге ие болды.

  Айта кетсек, жарыстың алғашқы күнінде ел құрамасынан Өсімжан Дастанбек (61 келі), Санжар Досжанов (70 келі), және Юсуп Батырмурзаев (125 келі) бірінші белдесуінде қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *