Skip to content
Главная страница » АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ АУҚЫМДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ АУҚЫМДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

   Аудандағы заңсыз құрылыстар мен көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының, «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалуы талқыланған аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, қала, кент, барлық ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
 
  Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – қала, кент, ауылдық округтердегі заңсыз құрылыстарды жою мен қызыл сызыққа шығып кеткен ғимараттарды ретке келтіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Сансызбай Сейдалиев, Жетісай қаласының орталық көшелерін көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық, қаладағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, ойын алаңшаларын қалпына келтіру жұмыстарының барысы жайлы қала әкімі Нұрлыбек Бахтияров баяндама жасады. Нақты атқарылған және алдағы атқарылар жоспарлармен таныстырды.
 
  Ал, аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Әлішер Есенбеков болса берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуын айтса, аудан әкімінің орынбасары Марат Айнабек «Ауыл аманаты» жобасының бағыттары бойынша ұсынылған жобаларға, құжат рәсімдеу барысында орын алып жатқан кемшіліктерге тоқталды.
 
«Аудан аумағында заңсыз салынған құрылыстар бойынша жауапты бөлім қызметкерлері жергілікті әкімдермен тиісті жұмыстарды жандандырыңыздар. Мердігер мекемелердің жұмыс сапасын қатаң бақылауға алыңыздар. Өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде экономиканың нақты секторында жұмыс орнын құру, «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру шеңберінде ауыл тұрғындарының кірісін арттыру, табыс деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды, халықты мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын жүйелі ұйымдастыруға тиіспіз» деген аудан басшысы тапсырмалардың орындалуын бақылауды аудан әкімі аппаратының басшысы Есен Алданиязовқа жүктеді.
 
  Сондай-ақ, мәжілісте жылыту маусымында ауданға қажетті көмірдің жеткізілуі, бюджеттік түсімдердің орындалуы да сөз болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған