Skip to content

«ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ» БАРЛЫҚ ҚАРЫЗЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАБЫЛАДЫ

     Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов «Әскери құрылыс» кәсіпорны қарызына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

«Бұл мәселе бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Әскери құрылыс» бойынша 2021 жылдан бері тексеріс жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда, Қорғаныс министрлігі мен «Әскери құрылыстың» жаңадан тағайындалған басшылығы қалыптасқан қарызды өтеу бойынша тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Жыл соңына дейін барлық қарыз өтеледі», – деді С. Қамалетдинов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

 

  Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл жазда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Әскери құрылыс» АҚ бұрынғы президенті Е. Тәжиденовтің және басқалардың басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады.

  11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олар тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, өтеусіз қаржылық көмек көрсетуге үлестес компаниялармен жалған шарт жасасу арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді. Залалдың жалпы сомасы – 596 млн теңге.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *