Skip to content
Главная страница » АСТАНАДА 1000 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН ФУЛФИЛМЕНТ ОРТАЛЫҒЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

АСТАНАДА 1000 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН ФУЛФИЛМЕНТ ОРТАЛЫҒЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

    Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев елордада «Ozon» фулфилмент орталығын ашу не үшін қажет болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sanur.kz.

     «Шынымен де «Ozon» фулфилмент орталығы қолданысқа берілді. Бұл – 1000-нан астам жұрыс орнын түзетін ірі логистикалық кешен. Инвестицияның жалпы сомасы – 40 млн теңге. Аталған фулфилмент орталығы кәсіпкерлерге 9 млн түрлі тауарды сақтауға мүмкіндік береді», – деді ол баспасөз конференциясында.

   Сондай-ақ, ол аталмыш орталықтың қызметіне қоймасы жоқ дүкен иелері жүгіне алатынын айтты.

    «Бұл әсіресе өзінің қоймасы жоқ, сондай-ақ арнайы қойма жалдауды тиімсіз деп есептейтін дүкендерге қолайлы. Яғни, фулфилмент орталығы логистика мәселесін шешу үшін құрылып отыр», – деді Мақсат Жаңабаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған