Skip to content

АТАКЕНТ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

   ҚР Президентінің “Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы” Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында және бекітілген жоспар бойынша аудан әкімі Бақыт Асанов Атакент кентінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.
 
   Жиын барысында Бақыт Насырханұлы 2022 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, биыл атқарылатын жұмыстар мен жобалар туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, кездесуде халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, округтегі өзекті мәселелер және оның шешімі туралы айтып өтті.
 
   Жиын соңында халыққа ашық микрофон ұсынылып, тұрғындар спикерге өздерін толғандырған сұрақтарды қойды. Аудан басшысы мәселе көтерген және сұрақ қойған әрбір тұрғынға кезекпен жауап беріп, кезек күттірмейтін мәселелер шешімін табатынын айтып түсіндірді. Сондай-ақ, мәселесін жеке айтамын деген тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *