Skip to content

АУДАН БАСШЫСЫ ӘЙЕЛДЕРГЕ СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

    8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов мерекелік дастархан жайып, нәзік жандыларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
      “Сіздердің махаббат тұнған жүректеріңіз бізге әркез сенім мен жігер береді. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!” – деді Бақыт Насырханұлы.
 
    Мырзакент кентіндегі “Жиделі Байсын” мейрамханасында өткен салтанатты іс-шараға ауданның әжелері, көп балалы аналар және әртүрлі салада белсенді қызмет етіп жүрген қыз-келіншектер қатысты.
 
 Мерекелік шарада аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама қойылып, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Сондай-ақ, аудан басшысы әйелдерге мерекелік сыйлық беріп, сый-құрметін көрсетті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *