Skip to content

АУЫЛ ӘКІМІ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

   Мақтаарал ауданы Мақтаарал ауылдық округінің әкімі Ербол Тұрғанбаев белсенділік танытып, елдімекендерде су басу оқиғаларының алдын алу үшін арық-атыздарды қазу және тазалау жұмыстарын қарқынды жүргізуде, деп хабарлайды Sanur.tv.
 
   Өткен жылы қысқы сор шаю жұмыстары көктемгі жауын-шашынға ұласып, аталған округке қарасты Иігілік ауылында тұрғын үйлер мен тұрғын үй аулаларын су басу оқиғалары орын алған еді. Ауыл әкімі ең бірінші кезекте осы Игілік ауылында 1,6 км-ді құрайтын арық қазып, қолданыстағы басқа да арық-атыздарды толық тазалаудан өткізді. Сондай-ақ, барша ирригациялық жүйелердің су өткізгіштік қабілетін арттыруда.
 
   Қазіргі таңда округке қарасты Есентаев және тағы басқа елді мекендерде арық қазу, арық-атыздарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *