Skip to content

АУЫЛДА ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАНДАРДЫҢ 3,4%- ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДА

    Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, ауылдағы 1 млн 201,3 мың тұрғын өз-өзін жұмыспен қамтып отыр. Бұл жайында шекара маңындағы елді мекендер туралы ҚазАқпарат сауалына министрлік жауабында айтылған, деп хабарлайды Sanur.kz.

   «Қазіргі таңда еліміздің ауылдық жерлерінде барлығы 3 млн 530,6 мың адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны – 1 млн 201,3 мың (34%).

   Ауылда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында жастар 12,5%, ал зейнет жасындағы адамдар 3,4% құрайды.

   2022 жылдың басындағы мәліметке сәйкес, ауылдық елді мекендерде 50,7 мың дәрігер мен орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Кадрлардың қосымша қажеттілігі 1 850 бірлікті құрайды», — деп жазады вице-министр Бауыржан Омарбеков.

  Ведомство жауабында шекара маңында орналасқан ауыл халқының жұмыспен қамтылу көрсеткіші, тапшы мамандар туралы бөлек статистика жүргізілмейтіні айтылған.

  «Ауылдық жерлерде барлығы 209,6 мың педагог жұмыс істейді. Бұл ретте шекаралық ауылдар бойынша халықтың жұмыспен қамтылғандар саны бойынша бөлек статистика жүргізілмейді», — делінген жауапта.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *