Skip to content

АУЫЛДАР ТҮГЕЛДЕЙ  ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ 

     Қазақстан ауылдарына интернет тартуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ Цифрлық даму министрлігі қаражаттың жартысын, яғни -531 млрд теңгені республикалық бюджеттен тартуды көздеп отыр, деп хабарлайды Sanur.tv. Осы ретте, Мақтаарал ауданында 22 елді мекенді талшықты – оптикалық интернет желісіне қосу көзделген.

     Ауылдарды  түгелдей интернетпен қамтымақ. Осы мақсаттағы жоба 2023-2027 жылы жүзеге асырылып, нәтижесінде кеңжолақты интернетпен қамту көрсеткіші 100% болуы тиіс. Сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларды 5G байланысымен 75%, ал облыс орталықтарын 60% қамту көзделген.

   Еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі “Қолжетімді интернет” ұлттық жобасын қоғам талқылауына шығарды.

     Құжат жобасына сәйкес, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыруға 1,1 млрд теңге қажет. Оның ішінде:

  • 2023 жылы 161 млн теңге;
  • 2024 жылы 246 млн теңге;
  • 2025 жылы 252 млн теңге;
  • 2026 жылы 227 млн теңге;
  • 2027 жылы 227 млн теңге жұмсамақ.

  Мақтаарал ауданында да осы бағытта бірқатар тындырымды тірліктер атқарылып келеді. Өңірдегі  68 елді мекен (ұялы, сымды және сымсыз) интернеттің әртүрлі деңгейдегі  желісіне қосылған.  Тек Найман-бұқарбай  елді мекені құмдағы, шалғайдағы ауыл болуына байланысты мүлде қосылмаған.

  2019 жылы Мақтаарал ауданында 37 елдімекен “Транстелеком” компаниясының оптикалық-талшықты интернетімен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, “Қазақтелеком” компаниясы тағы 7 елдімекенде оптикалық-талшықты интернетті қосты. Қазіргі таңда ауданда 44 елдімекен оптикалық-талшықты интернетпен қамтылып отыр.

 Дінмұхамед  Аязбеков, Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

  – Биыл цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі кең жолақты интернет желісіне Халықты 100% қамтуға қол жеткізу мақсатында жобаны жалғастыруда қайта қолға алды. Бұл ретте, министрлік елдімекендерді жобаға қосу үшін сол елдімекенде кемінде кемінде 2 (екі) мемлекеттік орган мен бюджеттік ұйымның болуы қажет екенін айтып отыр. Сондықтан, біз Мақтаарал ауданынан осы критерийлерге сай келетін тағы 22 елдімекенді оптикалық-талшықты интернетпен қамтуға ұсыныс бердік.

  Жалпы интернетпен қамтылуы бойынша Мақтаарал ауданының көрсеткіштері жаман емес. Ұялы байланыс желісі мен ұялы интернетті қосуда да жұмыстар жүріп жатыр.  Ауданымызда 2021 жылы 3 елдімекенге, 2022 жылы 9 елдімекенге “Билайн” операторының телемұнарасы орнатылды. Атап айтқанда, Азаттық, Атамұра, Азамат, Хайдар, Иіржар, Наурыз, Нұрлытаң, Өнімкер, Алаш, Жамбыл, Өргебас, Көкпарсай ауылдары 3G, 4G интернет желілеріне қосылды. Биыл тағы да бірнеше елдімекендерге ұялы байланыс желілерінің базалық станциялары орнатылатын болады.

     Бұдан бөлек, халықтың тегін интернетке қол жеткізуі үшін Мырзакент кентінің «Орталық саябағына» және «Жастар алаңына» тегін WI-FI нүктелері орнатылды. Қазіргі таңда ел игілігі үшін жұмыс істеп тұр.  

   

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *