Skip to content

ӘЖЕ – ҰЛТ ҰЙЫТҚЫСЫ

   Бүгін Мақтаарал ауданында Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған әжелер алқасына 10 жыл толуына орай Әже -Ұлт ұйытқысы” атты облыстық әжелер форумы өтті. Рухани мазмұны мол жиынға облыстан арнайы қонақтар келды. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

   Бүгінгі форумның мәні мен мазмұны зор. Мырзакент кентінде өткен шарада қазақтың киіз үйі тігіліп, аудан шеберлерлерінің қолөнер бұйымдары қойылды. Облыстан келген қонақтар Кимешек киген әжелер көтеріңкі көңіл күймен ән шырқай отырып, келушілерге ұршық иіріп, ине сабақтап құрақ құрауды көрсетті.

ШАХЗОДА ҚҰРБАНБАЕВА; Мақтаарал аудандық әжелер алқасының төрағасы

-Енді біздің ауданымызда жалпы 4200 дей әже бар, ал енді барлық 9 ауыл округінде және екі кентте төрайымдар бекітілген. Өзіміздің ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат бағдарламасы бойынша жоспарлар жасалған сол жоспарлар бойынша кәзір жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі күні облыстық әжелер алқасының төрайымы Фатима Сыманқызы және оның орынбасары Дана Садыққызы келіп отыр. Біздің ауданымыздағы барлық әжелер ардагерлер жыйналған бүгін, жаңа гүл шоқтарынан көрме болды. Әжелердің қолдарынан жасалған бұйымдарға көрме болды. Барлық әжелеріміз аппақ кимешекте, аппақ көйлекте, керемет көңіл күйде, бүкіл ауданымыздағы барлық елді-мекендерден аталар мен әжелер келген.

   Салтанатты шарада аға буын өкілдері аудан басшылары сөз алып әжелер тәлімінің тағлымы мол екенін жеткізді. Жастарды тәрбиелеуге үлес қосып, салт-дәстүрлерді жаңғыртып жүрген бірқатар әжелер алғыс хатпен марапатталды. Өнерпаз ата әжелер сахна төрінде жанды дауыста ұлттық әндерді шырқап, көпшілікті тәнті етті. Әдет ғұрыптарды жаңғыртып қойылымдар ұсынды.

 ФАТИМА ТІЛЕУБЕРДИЕВА; Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан ашылған әжелер алқасының төрайымы

-Міне әр ауданда өтіп жатыр соның кезекті бір өзінің кестесі бойынша осы Мақтаарал ауданында өтіп жатыр. Мына әжелер салт-дәстүр бойынша, ұрпақ тәрбиесінің үлкен орнын көрсетіп жатыр. Форумда ерекшелік біздің жұртты жалықтырып баяндамалар оқу емес, бұл жерде жаңаша көз қарас, жаңашылдық байқалады, ізденіс байқалады. Үлкен жұмыс ретінде әже ұлт ұйытқысы ретінде, бізді айтуға болады тіптен аудан көлемінде, енді облыс көлемінде қортындылайын деп жатыр. Тіптен мүмкін әрі қарай осы іс-шара жалғасын тауып жатса, бізден үлгі алып басқа облыстарда берілетін шығар деп үлкен үмітпен қараймыз.

  Аға буын ұлағатты болса, ата ақылға бай, әже мейірімді болса болашақ ұрпақ саналы болады. Атамен әжеден тағылымды тәрбие алмаған ұрпақ тәрбиені басқа жақтан, ғаламтордан, түрлі арналардан іздейді. Сол себепті қазақтың ұлағатты тәрбиесін ақсақалды  атамен ақжаулықты әже ұрпақ санасына сіңіруі керек. Бүгінгі кештің қорытындысы осыған саяды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *