Skip to content

БАЛА ЖӘРДЕМАҚЫСЫ ҰЗЫРТЫЛДЫ

  2023 жылдан бастап бала күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы жәрдемақы сәби 1,5 жасқа толғанға дейін төленетін болады. Бұған дейін тек 1 жасқа дейін берілген. Ал 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін 1 жасқа толмаған барлық бала үшін төлем автоматты түрде жарты жылға ұзартылады.  Жаңа жылдың 1 қаңтарынан кейін туған балаға бірден 1,5 жылға тағайындалады.

   Сондай-ақ жаңа жылдан бастап бұл жәрдемақының мөлшері де ұлғаяды:

бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 19 872 теңге;

екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 23 495 теңге;

үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 27 083 теңге;

төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 30 705 теңге.

  Декретке дейін жұмыс істеген әйелдердің бала күтіміне байланысты алатын ай сайынғы әлеуметтік төлемі бөлек есептеледі. Оның мөлшері бала туғанға дейін соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.

  Еске салсақ, президент 2023 жылдан бастап бала күтіміне байланысты төлемдердің мерзімін 1,5 жасқа дейін ұзартуды тапсырған еді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл ата-аналарға ең маңызды кезеңде өз балаларының қасында ұзағырақ болуға мүмкіндік береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *