Skip to content

БАЛАБАҚШАЛАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ

    Балалардың қауіпсіздігіне қатысты еліміздегі балабақшалар тексеріледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева айтты, деп хабарлайды Sanur.kz.

  Оның айтуынша, министрліктің тиісті бұйырғында балабақшалардағы қауіпсіздік, сондай-ақ қандай бейнекамераларды орнату жөніндегі талаптар жазылған.

«Қадағалау іс-шараларына тоқталсақ, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қаншалықты орындап жатқанын бақылау қадамдарын пысықтап жатырмыз. Бұл тұрғыда бейнекамерасы орнатылмаған немесе басқа да талаптарды елемеген балабақшалар анықталса, онда жергілікті атқарушы органдармен, «Атамекен» палатасымен бірлесе тиісті іс-шараларды қарастырамыз», – деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

 

   Естеріңізге салайық, 13 ақпан күні Петропавлдағы №4 орта мектептің 9 сынып оқушысы мектепке қаруланып келіп, өзімен қатарлас үш оқушыны жарақаттады.

   Ішкі істер министрі оқиғаның қалай болғаны жайлы айтып берді.

   Бұдан бұрын хабарланғандай, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 97 408 педагог жұмыс істеп жүр. Оның ішінде ауылдарда 41 596 (42,7%), ал қалада 55 811 (57,3% ) адам қамтылған.

   Еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдардың 70 пайызға жуығы қазақ тілінде білім беріп жатыр.

  Кейінгі 4 жылда балабақша кезегінде тұрғандар саны екі есеге азайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *