Skip to content
Главная страница » БАЛАЕВА ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ НЕ СЕБЕПТІ АЖЫРАСАТЫНЫН АЙТТЫ

БАЛАЕВА ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ НЕ СЕБЕПТІ АЖЫРАСАТЫНЫН АЙТТЫ

       Қазақстандықтар қандай себептерден ажырасады? Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Sanur.kz.

Министрдің айтуынша, мемлекеттің демографиялық дамуына әсер ететін ана мен бала өлімін азайту, отбасын қолдау, ажырасудың алдын алу секілді мәселелер Ұлттық комиссияның ерекше бақылауында.

«Қазақстан отбасылары» ұлттық баяндамасына сәйкес, қазақстандықтардың 95,4 пайызы отбасылық қарым-қатынасқа қанағаттанады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда неке саны 5,9 пайызға, ал ажырасу 5,3%-ға азайған. Ажырасудың негізгі себептері – алкоголизм, ерлі-зайыптылардың біреуінің нашақорлығы – 61,7%, тұрмыстағы зорлық-зомбылық – 51,1%, опасыздық – 47%, лудомания – 38,4%, – деді Аида Балаева Үкімет сағатының отырысында.

Зерттеулерге сәйкес, қазақстандықтардың 20%-ы үшін ажырасудың негізгі себебі – бала сүйе алмау, әрбір алтыншы отбасы мұндай жағдайға тап болады екен.

Ұлттық комиссия балалар мен жастарды рухани-адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу мәселелері бойынша ведомствоаралық байланысты қамтамасыз етеді. Сауалнамаға сүйенсек, қазақстандық отбасындағы бала тәрбиелеудегі басты құндылықтар: еңбексүйгіштік (33,8%), өзін-өзі құрметтеу (31,8%), адалдық (31,7%), үлкенге құрмет (25,3%), айналасындағыларға құрмет (16,6%), – дейді Мәдениет және ақпарат министрі.

Балаева отбасы құндылықтарын нығайтуда ақпараттық саясаттың маңызы зор екенін айтады.

Жалпы, есепті кезеңде БАҚ-та 4106 материал жарияланды. Оның 504-і республикалық БАҚ-та, 1527-і облыстық БАҚ-та, интернет-ресурстарда – 2 075. Әлеуметтік желіде 3 671 мазмұнды жазба оқырманға жетті, – деді Аида Балаева.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған