Skip to content

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА БЕРІЛЕТІН ТАМАҚТЫҢ САПАСЫН КІМ ТЕКСЕРЕДІ

     Астана қаласы Білім басқарамасы басшысы Қасымхан Сенғазыев бастауыш сынып оқушыларына берілетін тағамдардың сапасы қалай тексерілетінін айтып берді, деп хабарлайды Sanur.kz.

Ыстық тамақ беру бойынша бірнеше шара қабылдадық. Ең алдымен барлық мектепте бірыңғай төрт апталық мәзірді қайта дайындадық. Екіншіден, сол мәзірдегі тамақтарды дайындаудың технологиялық картасын бірыңғай етіп жасадық, – деді Қасымхан Сенғазыев.

    Сөзінше, технологиялық картада тамақтың ингредиенттері де бірдей болады.

Бұрын әр мектепте тамақтың қоспалары әртүрлі болатын. Енді оны бірізділендірдік. Қалада бракераж комиссиясы құрылды. Бұл комиссия қыркүйектің соңынан бастап қала мектептерінде мониторинг жүргізеді. Оған қоса, әр мектепте қамқоршылық кеңесінен, ата-аналар комитетінен және қоғам өкілдерінен тұратын бракераж комиссиясы қыркүйектің 4-нен бастап жұмысын бастады, – деп түсіндірді Білім басқармасы басшысы.

   Сенғазыевтің айтуынша, осы комиссиялар туындаған сұрақтар бойынша тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *