Skip to content

БИБІСАРА АСАУБАЕВА ҚЫТАЙДА «КҮМІС» ЕНШІЛЕДІ

  Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Қытайдың Сиань қаласында өткен The Belt and Road 2023 to World Chess woman’s Summit турнирінде екінші орын иеленді, деп хабарлайды Sanur.kz.

  Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, 18 жастағы спортшы Әзербайжан өкілі Гүлнай Мамезаде сияқты 8,5 ұпай жинаса да, қосымша көрсеткіштер бойынша алтын медальдан қағылды.

  «Демалыс күндері Қытайдағы турнирде ойнап үлгердім. Нәтижесінде жеңіліссіз ойнап, бір ұпай жинай алмай қалдым. Өкінішке қарай, тай-брейк ойналмады, осылайша екінші орынға ие болдым», деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *