Skip to content

БІР БИЕДЕН БАСТАЛҒАН БИЗНЕС

     Күніне 40 литр сүт алады. Мақтааралдық кәсіпкер қысы жазы бие сүтін өндіріп ауылдықтарды пайдалы сусынмен қамтамасыз етіп отыр. Бірлік ауылдық округінде өткен пресс тур барысында өз қолымен бие сауып, ата кәсіпті түлетіп отырған шаруамен тілшіміз Клара Шербайқызы танысып қайтты – деп,  хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі. 

   Бірлік ауылдық округі, Құдайберген Пернебаев ауылының тұрғыны Нұралы Абдуразов бие сүті бизнесін 12 жыл бұрын бастаған. Ол алғашында әкесінің денсаулығы үшін арнайы бір бие сатып алып сауып беріп отырыпты. Содан ауыл ішінен сұраныс көбейе бастаған соң төрт түліктің санын көбейте бастапты.  Осылайша қәзір 15 бие бағып отыр. Осылайша күніне 5 рет сауып  сауып 60 литрге дейін сүт алып отыр.

НҰРАЛЫ АБДУРАЗОВ

Баста ойлаған жоқпыз Папам ауырды. Сол кісіге сауып бердім басында. Кейін бір адам қосылды сөйтіп -сөйтіп клиенттерк еле бастады. Бір биені екеу қылдым үш бие қылдым. Қәзір тойға жеткізіп беремін. Тойға заказ аламын.

   Қазақ үшін қымыз − дертке дауа, жанға қуат сусын. Тұтынушылардың көбі еміне дауа іздеген жандар. Сондай-ақ Ұлттық сусынды той томалақ пен жиындарғада өткізіп отыр. Аңғарғанымыз, қымыздың бабын табу да бірталай күш қажет етеді.Машахаты көп жұмыс.

НҰРАЛЫ АБДУРАЗОВ

Қымызды азанда 8 ден бастап сауамыз. Такңғы төртте байлаймыз құлынын. Сегізде сауамыз. Екі сағат сайын сауамыз биені. Суытып қоямыз сүтін. Одан кейін күбіге құйып пісеміз. Киік оыт бар майлаймыз ыстаймыз күбілерді. Соған құйап кейін дайындаймыз.

  Өңірде Жайылым жер жоқтың қасы. Жем шөпті сатып алып байлап бағып отыр. Отбасылық кәсіп болғандықтан жұмысшы алмай барлық шаруаны өздері атқарады. Мал баққанға бітеді демейме. Уақтылы жем шөбін беріп,өз ісін келістіріп отырған кәсіпкер бұл шаруаға қажырлы еңбек керек дейді.

НҰРАЛЫ АБДУРАЗОВ

Шөпті бәрін сатып аламыз. Шардарадан тасымалдап әкіп береді. 900 теңге 1000теңгеден алып жинадық шөпті. Жемді базардан аламыз. Бұйырғаны болады. Ақтасада ақтамасада ұстауға тура келеді. Ауылда басқа жұмыс жоқ. Жұмысшы жоқ. Отбасымен өзіміз істейміз.

  Бие сауып қымыз сапырып отырған кәсіпкер қорадағы малын өз күшімен көбейтіп отыр.  Айтуынша алдағы уақытта мемлекеттен  жеңілдетілген қолдауларды алып жеке кәсібін кеңейтпек ниетте.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *