Елімізде бір тәулікте коронавирус инфекциясының – 93, коронавирус белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Sanur.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
11 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір өңірлерде коронавирустан 1 670 адам (коронавирус (КВИ+) –1 508, пневмония (КВИ-) – 162) емделіп жатыр. Оның ішінде 137 пациент стационарда, 1 533 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
– 6 адамның жағдайы ауыр,
– 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
– 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.