Skip to content

БІРҚАТАР ЕЛДЕРДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ЕЛШІЛЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

  Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар елдердегі Қазақстан елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

    Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
  Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

  Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі және Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *