Skip to content

БІРЛІК – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ, ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Құрметті аудан тұрғындары!
 
   Қадірлі отандастар!
 
  1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Тәуелсіз елімізде 1996 жылдан бері кең ауқымда тойланып келе жатқан бұл мереке Қазақстан Республикасында тұратын халықтар мен этностарды бірлікке, ынтымаққа ұйыстыратын мереке.
 
Бүгінде 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері ғұмыр кешіп келе жатқан мемлекетімізде өзара түсіністік, ұстамдылық, әртүрлі ұлт өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі, барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттер қалыптасқан.
 
Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ауданымыздағы түрлі этнос өкілдері де этносаралық татулықты сақтап, достығымызды мығымдап ынтымақ бар жерде береке мен ырыстың болатынын дәлелдеп келеді.
 
Барша аудан тұрғындарын, ауданымызда тұратын этнос өкілдерін бірлік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ең бастысы, этносаралық татулықтың арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша этнос арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деп тілеймін. Еліміз өркендеп, бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбірлігі нығая түсіп, достық, бірлік мәңгі жасай берсін!
 
Ізгі ниетпен,
Серік Үсенұлы Мамытов
Жетісай ауданының әкімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *