Skip to content

БИЫЛ ЕЛІМІЗДЕ БИДАЙ БЫЛТЫРҒЫДАН АЗ ӨСІРІЛЕДІ

        Ауыл шаруашылығы министрлігі бүкіл қажетті шараларды қабылдап жатыр. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров көктемгі егіс жұмыстарына дайындық туралы айтты, деп хабарлайды Sanur.kz.

Керекті мемлекеттік органдар мен ұйымдарды, сонымен бірге облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарларын тарта отырып, өңірлерде көктемгі егіс науқанын жүргізу жұмыстарын үйлестіру жөніндегі жедел штаб құрылды. Өздеріңізге мәлім, ведомство салада ауқымды талдау жүргізген, оның ішінде проблемалар мен оның пайда болу себептері анықталды. Жұмыстың нәтижелері бойынша бірқатар жүйелік проблемалар анықталды, – деді Ауыл шаруашылығы министрі. 

Сапаровтың сөзінше, министрлік бұған дейін облыс әкімдіктеріне әртараптандыру бойынша индикаторларды берген және олар бақылауда болуы керек.

Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша осы жылы 23,8 млн га алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру жоспарлануда, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 209,6 мың гектарға аз. Мәселен, бидайдың егістік алаңдары өткен жылмен салыстырғанда 13,3 млн га (2023 жылы – 13,7 млн га) болады деп жоспарланып отыр, яғни 429,2 мың гектарға қысқартылды. Қысқартылған алаңдарда әлеуметтік маңызы бар және жоғары рентабельді дақылдар алаңдарын ұлғайту жоспарлануда. Мысалы, әкімдіктердің жедел деректері бойынша майлы дақылдар алаңын 385,7 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда, бұл жалпы егіс алаңын 3,2 млн гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Оның ішінде күнбағыс сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл алаңын 60 мың гектарға ұлғайту және оларды 1,2 млн гектарға дейін жеткізу күтілуде, – деді Айдарбек Сапаров.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *