Skip to content

БИЫЛ КОЛЛЕДЖДЕРГЕ ҚАЗЫНАДАН 50 МЫҢ ОРЫНҒА ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ

    Алдағы екі жылда елдегі 9-сыныптан кейін білім алушылар толықтай қажетті мамандықтарда оқитын болады, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

   Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары Ақзира Қасымова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2025 жылы 9-сыныптан кейінгі білім алушыларды 100% қажетті мамандықтармен даярлау көзделген. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 80% құрайды. Былтырдан бастап республикалық бюджеттен жергілікті жерлерге орындарға қаржы бөлініп отыр. 2022 жылы 45 мың орын берілсе, биыл ол 50 мың орынға жетті, – деді Ақзира Қасымова.

 

  Еске сала кетейік, бұған дейін Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Серік Жартыбаев кімдердің үздік шетелдік компанияға жұмысқа тұру мүмкіндігі жоғары екенін айтқан болатын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *