Skip to content

БИЫЛ КӨНЕ САРАЙШЫҚ ҚАЛАШЫҒЫ ҒЫЛЫМИ РЕСТАВРАЦИЯДАН ӨТЕДІ

      Мәдениет және спорт министрлігі биыл Сарайшық қалашығы мен Ш.Уәлиханов атындағы мемориалдық мұражай-саябағында ғылыми-реставрациялық жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sanur.kz.

      2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Сарайшық қалашығын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу туралы тапсырма берген болатын.

     Бүгінгі таңда ежелгі қалашық пен оның аумағындағы тарихи нысандарды қалпына келтіру және сақтау бойынша ғылыми негізде тұжырымдама әзірленді.

    Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіш болып табылатын Ш.Уәлихановтың мемориалдық мұражай-саябағында да ғылыми-реставрациялық жұмыстар жоспарланып отыр.

    Жоба аясында тарихшы, этнограф-ғалымның зираты мен ескерткіштерін, сондай-ақ «Алтын емел» мұражайын қалпына келтіру және сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүреді.

   Сонымен қатар заманауи музей технологияларын қолдана отырып, экспозициялық стендтерді да жаңарту көзделген.

   «Ғылыми-реставрациялық жұмыстар ағымдағы жыл ішінде жүзеге асырылатын болады. Жалпы, Мәдениет және спорт министрлігі 2023 жылы 5 бағытта ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыратын болады», деді ҚР МСМ мәдениет комитетінің тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиева.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *