Skip to content
Главная страница » БИЗНЕСКЕ ҚОЛАЙЛЫ ӨҢІРЛЕР РЕЙТИНГІН ҰСЫНУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ — ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫ

БИЗНЕСКЕ ҚОЛАЙЛЫ ӨҢІРЛЕР РЕЙТИНГІН ҰСЫНУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ – ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫ

     Бизнес үшін қолайлы жағдай жасалған өңірлердің рейтингін құру мерзімі өзгереді. Бұл туралы ҚР Жоғары аудиторлық палатасы әзірлеген Президент Жарлығының жобасында жазылған, деп хабарлайды Sanur.kz.

   «Ұйымдастырушы жыл сайын 20 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне рейтингінің нәтижелері бойынша материалдарды ұсынады», – делінген жаңа редакцияда.

       Айта кетейік, қолданыстағы заңнама талабы бойынша рейтинг қортындысы 30 қазаннан кешірктілмей Президент Әкімшілігіне жолданады. Енді бұл мерзім 20 маусымға ауыстырылады.

   «ҚР Президентінің 2023 жылғы 20 наурыздағы тапсырмасын орындау шеңберінде бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлердің рейтингін өткізу мерзімін оңтайландыру ұсынылады. Бұл өзгеріс өңірлердегі кәсіпкерлік ортаның өзгеруіне жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Өйткені, статистикалық және әлеуметтанушылық өлшемдердің нәтижелерін синхрондау қамтамасыз етілетін болады. Жарлық жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қаржы шығынын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды», – деп Жарлық жобасына түсіндірме берген ҚР Жоғары аудиторлық палатасы.

      Құжат 20 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған