Skip to content
Главная страница » БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҮЛЕСІ АҚШ ПЕН ТУРКИЯҒА ҚАРАҒАНДА ЖОҒАРЫ-ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ

БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҮЛЕСІ АҚШ ПЕН ТУРКИЯҒА ҚАРАҒАНДА ЖОҒАРЫ-ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ

     Елімізде бизнестегі әйелдердің үлесі АҚШ, Түркия елдеріне қарағанда жоғары. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Sanur.kz.

     «Көптеген елде әйелдер қауымы гендерлік кедергілерге тап болады. Өткен жылы дүниежүзілік экономикалық форум гендерлік алшақтықты жою үшін өте ұзақ уақыт керек екенін мәлімдеді. Яғни 132 жыл қажет екендігін анықтады. Қазақстан өз кезегінде, 2021-жылмен салыстырғанда 15 тармаққа көтеріліп, жаһандық гендерлік алшақтық индексінде өз позициясын жақсартты. Елімізде әйелдер мемлекеттік басқару ісіне тең дәрежеде қатысады. Сонымен қатар белсенді қоғамдық қызмет жүргізіп, бизнес-жобаларды іске асырып жатыр», – деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

   Премьер-Министр келтірген мәліметке сәйкес, елімізде бизнестегі әйелдердің үлесі 45% құрайды.

 «Бұл – АҚШ пен Түркия сияқты елдерге қарағанда жоғары көрсеткіш. Қазақстандық әйелдер «Даму» қоры қолдаған жобалардың жартысына жуығын жүзеге асырып отыр. Бұл ретте жобалардың үштен бірін ауылдық кәсіпкер әйелдер алды. Біз түрлі салалардағы әйелдердің белсенділігін арттыруға мүдделі екендігімізді атап өткім келеді», – дейді ол.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған