Skip to content

БЫЛТЫР ЕЛІМІЗДІҢ ҚАЙ ӨҢІРЛЕРІНДЕГІ КӘСІПОРЫНДАРДА ӨНДІРІСТІК АПАТ КӨП ТІРКЕЛДІ

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов былтыр еліміздің өнеркәсіп саласында болған апаттар туралы айтты, деп хабарлайды Sanur.kz.

  Нығмеджан Мақажанов келтірген дерекке сәйкес, өткен жылы еліміздің кәсіпорындарда болған апаттар:

Астана қаласы – 4;

Алматы қаласы– 2;

Алматы облысы – 1;

Ақтөбе облысы – 5;

Атырау облысы – 4;

Шығыс Қазақстан облысы – 3;

Қызылорда облысы – 3;

Маңғыстау облысы – 2;

Жамбыл облысы – 1;

Қарағанды облысы – 1;

Қостанай облысы – 1;

Павлодар облысы – 1.

   Комитет төрағасының сөзінше, 2022 жылы еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы салдарынан 231 оқыс оқиға тіркелген.

  «Сонымен қатар былтыр 231 оқыс оқиға тіркелді. Олар Батыс Қазақстан облысында – 61, Маңғыстау облысында – 53, Қарағанды облысында – 30, Павлодар облысында – 24, Қостанай облысында – 16, Атырау облысында – 13, Ақтөбе облысында – 11, Шымкент қаласында – 8, Ақмола облысында – 8, Түркістан облысында – 4 және Алматы қаласында 3 оқиға орын алды.

   Аварияларды тергеп-тексеру қауіпті өндірістік объектілер жұмысшыларының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтамағанын, пайдаланылатын жабдыққа техникалық тексерудің сапасыз жүргізілуімен байланысты екенін анықтады», – деді комитет төрағасы.

  Нығмеджан Мақажановтың айтуынша, былтыр қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін 733 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылған. Бұған қоса, компанияларға 254 млн теңге айыппұл салынған.

   Брифингі барысында комитет басшысы өткен жылы ел кәсіпорындарында 28 авария болып, салдарынан 15 адам көз жұмғанын мәлімдеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *