Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов көмірсутек саласындағы жер қойнауына бағытталған инвестициялар туралы айтты, деп хабарлайды Sanur.kz.
«Бүгінгі таңда көмірсутектер бойынша 276 келісімшарт қамтылған. Оның ішінде өнімді бөлу туралы келісім – 9, барлау жұмыстарына қатысты – 137, ал өндіру саласында 130 шарт бар», – деді А. Хасенов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, 2022 жылы жер қойнауын пайдалануға салынған инвестиция сомасы 7,7 трлн теңгеге жетті. Соның арасында өндіруге 2,8 трлн теңге, геологиялық барлауға – 135,7 млрд теңге ескерілді. Сонымен қатар қалған 4,7 трлн теңге шығындарға, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, азаматтарды оқытуға, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға тиесілі.
«Осы орайда былтыр геологиялық барлауға инвестициялар ағынының оң серпіні байқалды», – деді вице-министр.