Skip to content

ДӘУЛЕТ МҰҚАЕВ «ЖАС ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАСТАПҚЫ ЖАРНАСЫН 10 ПАЙЫЗДАН АСЫРМАУДЫ ҰСЫНДЫ

       Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дәулет Мұқаев «Жас отбасы» бағдарламасының бастапқы жарнасын 10 пайыздан асырмауды ұсынды, деп хабарлайды Sanur.kz.

     «Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің мәліметі бойынша 2022 жылы 129 707 жұп некеге тұрса, 51 220 жұп ажырасқан. Бұл дегеніміз үйленген жастардың 40 пайызға жуығы ажырасады деген сөз. Ажырасудың басты себебі материалдық қажеттілік екенін ескерсек, баспана бірінші орында», – деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярдың атына депутаттық сауал жолдаған Дәулет Мұқаев.

    Оның пайымынша, жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету біршама мәселелердің алдын алары анық.

   «Сондықтан мемлекеттік деңгейде «Жас отбасы» бағдарламасының бастапқы жарнасын 10 пайыздан асырмауды ұсынамын. Бүгінгі таңда Отбасы банкі тарапынан жүзеге асып жатқан «Жас отбасы» бағдарламасында бастапқы жарна 50 пайызды құрайды. Мұндай қаражат жинау жастарға қиындық тудыртады», – деді Мәжіліс дептутаты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *