Skip to content

ДОЛЛАР 461-467 ТЕҢГЕДЕН САУДАЛАНЫП ЖАТЫР

       Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 461-467 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Sanur.kz.

       Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 461-465 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар бағамы 463-467 теңге аралығында құбылып тұр.

      16 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,14 теңгеге қымбаттап, 465,90 теңге болған.

       Ұлттық банктің 17 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 466,15 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 6,10 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,95-6,05 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,9-6,2 теңгеден сатылымда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *