Skip to content

ДОЛЛАР МЕН РУБЛЬДІҢ БҮГІНГІ БАҒАМЫ БЕЛГІЛЕНДІ

      Ұлттық банк доллар мен рубльдің 1 наурызға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Sanur.kz.

    Атап айтқанда, 1 доллар құны – 445,82 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,96 теңге.

      28 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3, 17 теңгеге төмендеп, 445, 66 теңге болған. Ресей валютасы 6, 00 теңге болды.    Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445 – 448 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 446– 448,5 теңге аралығында құбылып тұр. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,8 – 5,95 теңгеге сатып алуға болады.

      Астанада ресейлік валюта 5,8 -5, 92 теңгеден саудаланып жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *