Skip to content
Главная страница » ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КЕДЕН ҰЙЫМЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУАР ТАСЫМАЛЫ ТІЗБЕГІНДЕГІ ҮЛЕСІН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАЙДЫ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КЕДЕН ҰЙЫМЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУАР ТАСЫМАЛЫ ТІЗБЕГІНДЕГІ ҮЛЕСІН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАЙДЫ

     Дүниежүзілік кеден ұйымының төрағасы Қазақстанның тауарларды жеткізудің халықаралық тізбегіндегі үлесін жоғары бағалады, деп хабарайды Sanur.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

       Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен Дүниежүзілік кеден ұйымының төрағасы Кунио Микуриомен кездесу өткізді.

      Кездесу барысында кедендік әкімшілендірудің озық тәжірибелері, сондай-ақ Қазақстанның кеден саласындағы жетістіктері талқыланды.

   Сонымен қатар, Бельгия Корольдігінің кедендік әкімшілендіру тәжірибесі зерттелді, теңіз порттарын басқару бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды.

  Кунио Микурия Қазақстанның тауарларды жеткізудің халықаралық тізбегіндегі, сондай-ақ Қазақстан жүргізіп жатқан кеден бекеттерін жаңғырту мен кедендік әкімшілендірудегі үлесін жоғары бағалады.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған