Skip to content

Е-ДЕНСАУЛЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ ДЕРБЕСТЕНДІРІЛГЕН ЕСЕБІН ЕНГІЗУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

    МӘМС жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы айта отырып, Е-Денсаулық МӘМС жүйесінде ақша қаражатының дербестендірілген есебін енгізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Sanur.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отыра. 

  Е-Денсаулық бірыңғай экожүйесін құру жолымен денсаулық сақтауды толық цифрландырудың нәтижесінде медициналық қызметтерді тұтынушылардың виртуалды шоттарында дербестендірілген қаржылық есеп пен ақшалай қаражатты қадағалау белгіленеді – деп хабарлады ОКҚ алаңында өткен сараптамалық брифингтің барысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

  Сондай-ақ, оның айтуынша, цифрландыру QR-кодтау, СМС-хабарламалар арқылы қызметтерді алуды растау үшін мобилдік қосымшалардағы пациенттерден кері байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  Ол цифрлық шешімдерді енгізу медициналық ұйымдардың экономикалық блогы үшін бірыңғай терезе құруға, орындалған қызметтер үшін уақтылы ақы төлеуді, көрсетілген қызметтердің толық ашықтығын, медициналық ұйымдардың тарапынан қосып жазуларды алып тастауды, барлық көрсетілген медициналық қызметтерді/жағдайларды мониторингпен толық қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

  Бұдан әрі Т. Сұлтанғазиев МӘМС жүйесінің ашықтығын жақсартуға, егжей-тегжейлі сараптаманы қамтамасыз етуге, шығыстарды бақылауды күшейтуге, қызметтерді негізсіз артық тұтынудың алдын алуға мүмкіндік беретін кейбір шаралар туралы айтып берді.

  Бүгінгі таңда, оның айтуынша, ТМККК және МӘМС пакеттеріндегі қызметтердің аражігін ажырату бөлігінде медициналық көмек көрсетуге кепілдік беру бағдарламасы заң жүзінде қабылданды. ТМККК және МӘМС қаржылық ағындарын бірыңғай пулға біріктіру үшін құқықтық база қамтамасыз етілді, бұл медицина қызметкерлері үшін пакеттерді әкімшілендіруді жеңілдетеді және пациенттерге медициналық көмек көрсету процесін жеделдетеді.

  Сақтандырылмаған азаматтарды қамту бөлігінде отбасының цифрлық картасының деректері бойынша табыс деңгейі бойынша 1,5 миллионға жуық адамның жарналарды төлеуге мүмкіндігі бар екендігі анықталды.

  “Олар МӘМС жүйесіне, оның ішінде платформалық жұмыспен қамту арқылы тартылатын болады. Алайда, елімізде дағдарыс жағдайында 1 миллионға жуық адам қалды. Олардың МӘМС жүйесіне қатысуының ықтимал тетіктері әртүрлі деңгейлерде талқыланады. Бұған әлеуметтік қолдау бағдарламалары, сыйлықақыларды субсидиялау немесе басқа шаралар кіруі мүмкін”, – деп атап өтті Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *