Skip to content

ЕЛ  ҚОРЖЫНЫНДА ЕКІНШІ АЛТЫН

   АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы универсиаданың дүйсенбі күні жарыс жолына шыққан отандасымыз Данил Васильев шаңғымен секіру спортында алтыннан алқа тағынып универсиада жеңімпазы атанды.

    Данил Васильев екі мүмкіндігінде 257.3 ұпай жинады. Күміс пен қола жүлдеге аустралиялық спортшылар ие болды. Сонымен қатар отандастарымыз Сергей Ткаченко мен Никита Девяткин үздік ондықтың арасынан көрінді.

  Кейде жеңіс біз күтпеген жақтанда келіп қалады, әдетте қанатты шаңғышыларымыз мықтыларды маңайлай алмай жүретін. Бүгінгі жарыс күнінде Данил Васильевке ерекше қанат бітіп австрияның екі бірдей спортшысын артта қалдырып жеңіс тұғырынан көрінді. Ал бапкерлер көбірек сенім артқан Сергей Ткаченко жарыс жолын 7-ші орынмен түйіндеді. Осылайша Қазақстан студенттері 2 алтын нәтижесімен командалық  есепте, жарыс кестесінің 6-шы орынына көтерілді. Бұған дейін бірінші алтынды биатлоншы Вадим Куралес жеңіп алған болатын. 

    

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *