Skip to content
Главная страница » ЕЛДЕГІ 134 МЕКТЕПТЕ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢ КАБИНЕТІ ЖАБДЫҚТАЛМАҒАН

ЕЛДЕГІ 134 МЕКТЕПТЕ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢ КАБИНЕТІ ЖАБДЫҚТАЛМАҒАН

     «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» (АӘТД) пәнінің сағаттар саны қайта қаралуы мүмкін. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында осындай мәліме айтты, деп хабарлайды Sanur.kz.

    «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық кабинетін жарақтандыру «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын құралдармен және жиһаздармен жабдықтау нормаларына» сәйкес жүзеге асырылады.

   Қазіргі уақытта Ұлттық білім беру деректер базасына сәйкес 5432 орта мектептің 4702-де АӘТД кабинеті жұмыс істейді. Оның ішінде 134 кабинет оқу жабдықтарымен (макеттер, тир, саптық плац, пневматикалық мылтық, оқу қаруы және т.б.) жабдықталмаған», – деп жазады Үкімет басшысы.

   Әлихан Смайылов осы және өзге де кемшіліктердің орнын толтыру үшін Оқу-ағрту министрлігіне тиісті тапсырма берілгенін айтады.

   «Осыған орай министрлікке жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп АӘТД пәнінің кабинеттерін жабдықтау нормасына сәйкес оларда қажетті әскери-техникалық мүліктің, оқу-жаттығу қаруын, атыс тирін сақтауға арналған үй-жайлардың, кедергілері бар және тактикалық даярлығы бар сабақтар өткізуге арналған алаңдардың болуын қамтамасыз ету, АӘТД пәні бағдарламасының негізгі тақырыптары бойынша сағаттарын ұлғайтуды қарастыру тапсырылды», – деп жазылған жауапта.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған