Skip to content

ЕЛДЕГІ 6 295 АУЫЛДЫҢ 4 900-І АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛҒАН

     Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың мәліметі бойынша елдегі 6 295 ауылдың 4 900-і ауыз сумен қамтылған, деп хабарлайды Sanur.kz.

     «89 қалалық елді мекеннің 64-ті 100% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Қалған 25 қала 2025 жылдың соңына дейін кезеңдік жоспар шеңберінде қамтамасыз етіледі. Бүгінгі таңда 6 295 ауылдың 4 900-і ауыз сумен қамтамасыз етілген. 1 395 ауылдың ауыз су мәселесін 2025 жылдың соңына дейін шешу жоспарланып отыр», – деді ведомство басшысы.

         Оның айтуынша, осы аталған 1 395 ауылдың 69%-ы, яғни 963-і тұрғыны аз елді мекендерге жатады.

    «Оларға бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен кешенді блок модульдер орнатылады. Біздің министрлік арқылы 391 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысы қамтамасыз етіледі. Экология және табиғи ресурстар министрлігі арқылы 41 ауылда кентішілік желілер топтық су құбырлары құрылысы жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде салынады», – деді Марат Қарабаев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *