Skip to content

ЕЛДЕГІ МЕКТЕПТЕР ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША АТТЕСТАЦИЯЛАНАДЫ

      Елдегі мектептер қауіпсіздік бойынша аттестаттаудан өтеді, деп хабарлайды Sanur.kz.

    «Қауіпсіздік шараларын күшейту үшін жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша мына шараларды қабылдау көзделіп отыр: бақылау-өткізу режимінің жұмысын күшейту; келісімшарт аясында күзетшілерге қойылатын нақты талаптарды белгілеп алу; білім беру ұйымдарын қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша аттестаттау жүйесін дамыту», – деп жазылған жауапта.

  Министрлік мамандарының пайымынша, мұндай аттестаттау жүйесі техникалық сипаттағы мәселелерден бөлек, төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын практикалық білімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Еске салайық, 13 ақпанда Петропавлдағы №4 орта мектепке 9 сынып оқушысы мектепке мен пышақ әкеліп, бірнеше оқушыны жарақаттағаны мәлім болған.

   Оқу-ағарту министрлігіндегілер Петропавл қаласындағы мектептестерін жарақаттаған баланың неге психологиялық жағдайына байланысты үйден оқымағанын түсіндірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *