Skip to content

ЕЛДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙІП, ТҰМАН ТҮСЕДІ

     Синоптиктер 10 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды Sanur.kz.

 «Қазгидромет» РМК деректері бойынша республиканың оңтүстігінде, шығысында қар жауады.

   «Тек Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», делінген хабарламада.

  Мамандардың болжамына қарағанда, республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болуы ықтимал.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *