Skip to content

ЕЛІМІЗДЕ 2,1 МЛН АДАМ ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

    2022 жылғы 4- тоқсанда Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 9 млн адам жұмыспен қамтылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Sanur.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

   Жұмыспен қамтылғандардың ішінде 6,9 млн-ы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,7%) жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23,3%) өзін-өзі жұмыспен қамтушылар.

  4-тоқсанда аптасына нақты жұмыс істеген сағаттар саны орта есеппен жұмыспен қамтылғандардың біреуінде 39 сағат, жалдамалы қызметкерлер арасында 41 сағат, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар арасында 34 сағатты құрады.

 Толық жұмыспен қамтылмағандар (жұмыс көлемінің төмендеуіне, жұмыс берушінің бастамасы бойынша, сырғымалы жұмыс кестесіне және басқа да себептермен аз жұмыс істегендер) саны алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 9,9% өсіп, 268,9 мың адамды құрады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *