Skip to content

ЕЛІМІЗДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

   Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа заң жобасы әзірленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді, деп хабарлайды Sanur.kz.

   Айтуынша, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған тапсырмаға сәйкес, мемлекеттік органдар және депутаттармен бірге балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заң жобасын әзірлеген.

Бас прокуратурада мен ведомствоаралық жиналыстың аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заң жобасын ұсындым. Соның негізгі ережелерімен таныстыра кеткім келеді. Қыркүйек бойы заңды үкіметтік емес ұйымдармен, қоғаммен түрлі алаңдарда талқылау жоспарымызда бар. Одан соң Үкіметтің қорытындысын алуға жібереміз. Парламент Мәжілісінің жұмыс топтарында талқыға түседі. Барлық қызығушылық танытқан сарапшылар мен қоғамдық ұйымдарды талқылауға қатысуға шақырамыз. Өтінімді маған жеке жіберу қажет, – деп атап өтті уәкіл.

  Сондай-ақ ол Бас прокуратураның бастамасы аясында орын алған мәселелерді ескере отырып, профилактикалық іс-шаралар, барып тексеру тек маскүнемдік сынды теріс әрекеттермен есепте тұрған отбасыларға ғана қатысты.

Айта кетерлігі, бүгін осындай теріс әдеттерімен есепке 7 мыңдай отбасы алынған. Ол отбасыларда 12 мың бала бар, олар қауіп аймағында өмір сүріп жатыр. Балалар құқығының бұзылуы мен оларға қарсы қылмыстың, әсіресе жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстың 70%-дайы есепте тұрған отбасылар үшін дер кезінде атаулы, кешенді көмектің, профилактикалық іс-шаралардың жоқтығынан орын алуда. Бас прокуратураның бұл бастамасының негіздемесі – оның ешқандай заңнамалық өзгерістерді қарастырмай, тек қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық өрісте ғана жүзеге асырылуында, – деп түсіндірді Динара Зәкиева.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *