Skip to content

ЕЛІМІЗДЕ БІР АПТА ІШІНДЕ 2705 ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛГЕН

      Өткен аптада еліміздің аумағында 2705 қылмыс тіркелген, деп хабарлайды Sanur.kz.

     Бұл жайында Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингінде мәлім етті.

    «Бір апта ішінде 2705 қылмыс жасалды. Оның 1620-сы тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлерлі ізін суытпай 1 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық және 29 тонау, 391 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», – деді министрлік өкілі.

  Сондай-ақ, Шұғыла Тұрлыбек Петропавл қаласында адам саудасымен айналысқан Ақмола облысының тумасы ұсталғанын айтты.

    «Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдіктінің интернет пен әлеуметтік желі арқылы материалдық жағдайы ауыр қыздарды, оның ішінде қолайсыз және толық емес отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандарды іздеумен айналысқаны анықталды.

   Осыдан кейін, ол әлгі қыздармен танысып, жұмыс табуға көмектесетінін айтып, Петропавл қаласына шақырып отырған.

   Қыздар қалаға келгеннен кейін оларға психологиялық қысым жасап, қорқытып және физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, жыныстық қанау мен саудаға пайдаланған.

     Аталған схема бойынша күдікті Қостанай қаласының 19 жастағы тұрғынын жалдап, оны одан әрі қаладағы сауналар мен қонақ үйлерде интимдік қызмекте пайдалану үшін 250 мың теңгеге сатқан», – деді ол.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *