Skip to content

ЕЛІМІЗДЕ КОРОНАВИРУС БІР ТӘУЛІКТЕ 23 АДАМНАН АНЫҚТАЛДЫ

       Өткен бір тәулікте ел өңірлерінде 23 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Sanur.kz ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

  23 наурыздағы жағдай бойынша, қазір 1 795 адам коронавирус инфекциясынан (коронавирустан (КВИ+) –1 625, пневмониядан (КВИ-) – 170) емделуде. Олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 655 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

– 5 адамның жағдайы ауыр,

– 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

– 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

    Айта кетейік, 21 наурыздағы тәулік ішінде коронавирус 34 адамда, 20 наурызда 70 адамда тіркелген болатын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *