Skip to content

ЕЛІМІЗДЕ ТІРКЕЛГЕН 428 ДІНИ МИССИОНЕРДІҢ 361 ШЕТЕЛДІК

    Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі елде тіркелген діни миссионерлердің санын жариялады, деп хабарлайды Sanur.kz.

     Мәлімет ведомствоның ресми сайтында берілген. 2023 жылдың І тоқсанындағы жағдай бойынша, Қазақстан аумағында ресми тіркелген 428 миссионер бар. Оның 361-і шетелдік болса, 67-сі Қазақстан Республикасының азаматы.

        Сондай-ақ министрлік 2023 жылдың І тоқсанына дейін ресми тіркелген діни ғибадат ғимараттарының саны туралы мәлімет ұсынып отыр.

       Ресми дерек бойынша елімізде барлығы 3710 тіркелген ғибадат үйі бар. Оның 2779-ы ислам бағыты дінін ұстанатындарға, 303-і православтарға, 115-і католиктерге, 155-і баптистерге, алтауы иудаистерге, біреуі биддустерге қызмет көрсетеді. Тіркелген ғибадат үйлерінің әр конфессияға бөлінген саны төмендегі кестеде берілген.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *