Skip to content

ЕЛІМІЗДЕГІ ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРДІҢ 80%-Ы ЖҰМЫССЫЗДАР – ІІМ

      Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров елімізде қылмыстарды көбіне қандай санаттағы азаматтар жасайтынын айтты, деп хабарлайды Sanur.kz.

      «Қылмыс деңгейіне 250-ден астам фактор әсер ететіні ғылыми дәлелденген. Олардың қатарында әлеуметтік, экономикалық, географиялық, көші-қон, табиғи, демографиялық және басқа да жағдайлар бар», – деп мәлім етті Ренат Зұлқайыров

    Спикер ұсынған ақпаратқа сәйкес, мына санаттағы қазақстандықтар жиі қылмыс жасайды:

– қылмыскерлердің 80%-ы жұмыссыздар;

– жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың 47%-ын еш жерде жұмыс істемеген немесе оқымағандар жасайды;

– адамның жеке басына қатысты қылмыстардың 50%-ы мас күйде жасалады;

– елордада қылмыстың тең жартысын өзге аймақтардан келгендер жасайды.

     Ренат Зұлқайыровтың мәлімдеуінше, бұл мәселелерді тек күш қолдану шараларымен шешу мүмкін емес. Сондықтан «Қоғаммен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы» әзірленіп жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *