Skip to content

ЕЛІМІЗДІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫЛАРЫ АҚШ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНДА БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАДЫ

       Қазақстандық баспасөз хатшылары АҚШ құрылымдарында біліктілігін арттырады. Бұл жайында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қазақ тілінде контент жасаушылардың VI форумында мәлім етті, деп хабарлайды Sanur.kz.

      «Күні кеше ғана министрлікте харассменттен қорғау жөнінде арнайы бұйрық шығардық. Адам құқықтары, сөз бостандығы және басқа да мәселелер жөніндегі қағидаттарымыз, заңнамамыз осылай жетіле береді», – деді ол.

      Министр ведомство тарапынан медиасауатты арттыру бағытында да бірқатар шаралар қабылданғанын айтты.

         «Бұл үшін біз жаңа медиалар аштық. Қазіргі кезеңде көптеген әдістемелер, семинарлар өткізіле бастады. Таяуда ғана АҚШ Елшілігінің қолдауымен баспасөз қызметі жөнінде үлкен жиын, семинар өтті және кітаптың тұсаукесері болды. Таяуда біз тағы да АҚШ Елшілігінің қолдауымен Қазақстандағы баспасөз хатшыларын АҚШ-тың белді құрылымдарына апарып, біліктілігін арттыру курсын жалғастыруды жөн көріп отырмыз. Ол үшін тағы да рахмет айтамын», – деді Дархан Қыдырәлі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *