Skip to content

ЭЛИНА ПАУЛИ ҚР АҚДМ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Қоғамдық келісім» ұжымына директор Элина Паулиді таныстырды, деп хабарлайды Sanur.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Э.Паули 2021 жылы президенттік Жастар кадрлық резервіне қабылданды. Сондай-ақ ол Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.

    Әр жылдары Элина Паули ҚР АҚДМ қоғамдық жаңғырту департаменті, Жастар және отбасы істері комитетінде қызмет етті.

   Сонымен қатар ол «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС директорының орынбасары болды, 2022 жылдан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

   Айта кетейік, «Қоғамдық келісім» РММ-этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты; этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктермен қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша өзара іс-әрекетті жүзеге асырады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *