Skip to content

ЕҢ ТӨМЕНГІ КҮН КӨРІС ДЕҢГЕЙІ, КҮН КӨРУГЕ ЖЕТЕ МЕ?

   40 567 теңге. Бұл бір адамның 1 айда күнкөрісіне қажетті сома. Иә, осы ақшаға азық-түлік алып, басқа да ақылы қызметті аласыз. Биылға мемлекет бекіткен ең төменгі күнкөріс деңгейі осындай. Яғни, 40 567 теңгеге сүйене отырып жәрдемақы сияқты бірқатар әлеуметтік төлемдер есептелуі тиіс. 

  2022 жылдың қорытындысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің табысы аз азаматтар жалпы халықтың 5 пайызына жуық болған. Бұл 900 мыңнан астам  40 мың теңгеге күн көріп отыр деген сөз. Ал халықаралық ұйымдардың есебіне сенсек, бұл көрсеткіш екі үш есеге көп болуы тиіс екен.

  Қарапайым мысал ретінде 6 балалы отбасыны алсақ, отағасының табатын қаражаты 200 мың, ал жұбайы 6 бала үшін мемлекеттен 82 мың жәрдемақы алса, жалпы табысы отбасындағы жан басына шаққанда 35 мың теңгеден келеді екен. Бұл таяуда ғана бекітілген 40 мың теңгелік  межеден аз. Демек жұмыс істейтін азаматтарда осы санатқа кіруі мүмкін. Осы тұста аудан тұрғындарынан ең төменгі күн көріс деңгейі күн көруге жетеме деген сауалға, жауап іздеп көрдік.

  Ең төменгі күн көріс деңгейі қайда есептелсе, онда әлеуметтік төлем алушы сан мыңдаған адам үшін қуанышты жаңалық болары сөзсіз. Айта кетейік, күн көріс деңгейін есептеу әдістемесі  2006 жылы бекітілген.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *