Қазақстанда өгей әкесімен тұратын балалардың отбасылары тексерілетін болады. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа жоба «Е-превенция» деп аталады.
Жаңа жобаны таныстырған бас прокуратура, әзірге жобаның тек Астана қаласында және Ақтөбе обылысында жүзеге асырылатынын мәлімдеді.
“Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу саласында қолайсыз отбасыларға, көп балалы отбасыларға және балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасыларға іс жүзінде бару қамтамасыз етіледі.
Жүйе мүдделі органдар: полиция, білім беру, әлеуметтік қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимылдың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді”, – делінген прокуратура хабарламасында.