Skip to content

ЕРКІН КҮРЕСТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: 4 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИНАЛҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

      Бүгін, 14 сәуірде еркін күрестен Азия чемпионатының екінші ойын күнінде финалға 4 балуан жолдама алды, деп хабарлайды Sanur.kz.

       Бұл күні 61, 74, 86, 92 және 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар күресті.

        Олардың арасынан Дархан Есенғали (74 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі), Ризабек Айтмұхан (92 келі), Жүсіп Батырмұрзаев (125 келі) финалға дейін жетті.

          Ал Нұрболат Әбдуалиев (61 келі) жұбаныш белдесуіне қатысады. Жеңіп жатқан жағдайда қола жүлде үшін сайысқа түседі.

       Еске салсақ, грек-рим күресінен Азия чемпионатында ел құрамасы жалпы есепте 3-орынға тұрақтады. Еншісінде 1 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль бар.

          Сондай-ақ әйелдер күресінен қазақстандық балуандар 2 алтын, 3 қола медальмен төртінші орын алды.

          Ал еркін күрестен жарыстың алғашқы күнінде қоржынға 2 алтын, 1 қола түсті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *