Skip to content
Главная страница » ЕРТЕ ПІСКЕН ЖЕМІС-ЖИДЕК ПЕН КӨКӨНІСТІ АБАЙЛАП ЖЕҢІЗ — САНИТАР МАМАНДАР

ЕРТЕ ПІСКЕН ЖЕМІС-ЖИДЕК ПЕН КӨКӨНІСТІ АБАЙЛАП ЖЕҢІЗ – САНИТАР МАМАНДАР

       Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары ерте піскен көкөніс пен жеміс-жидекті қалай таңдау және тұтыну жөнінде ақыл-кеңес берді, деп хабарлайды Sanur.kz.

 Көктемнің соңы мен жаз айлары – көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарының пісетін уақыты. Базарларда көкөніс пен жемістің түрлері көп.

    Ерте піскен көкөністер мен жемістер ауыр улануға әкелуі мүмкін.

   Бұл организмнің «жеделдетілген режимде» өсірілген көкөністерде белгілі бір мөлшерде кездесетін пестицидтер мен нитраттармен қанығуына байланысты болуы мүмкін.

  Жосықсыз өндірушілер тыңайтқыштардың рұқсат етілген дозаларын әдейі асырады, нәтижесінде көкөністер мен жемістер тартымды көрінеді, бірақ әрқашан дәмді әрі пайдалы бола бермейді.

   Нитраттар, азот қышқылының тұздары адам ағзасында, кейде тоңазытқыштың ішінде нитриттерге, азот қышқылының тұздарына айналады, ал осы соңғылары өте зиян.

 Мәселе нитраттардың болуында емес, олардың мөлшері мен концентрациясында.

   Аз мөлшерде нитраттарды және одан да аз нитриттерді ағзамыз қысқа уақыт ішінде шығара алады, бірақ ағза олармен қанығатын болса, бұл уланудың ауыр түрлеріне әкеп соғады.

  Көбінесе нитраттардың көп мөлшері қызылша, кәді, қырыққабат, шөптер, шалғам, қарбыз және қауында кездеседі.

  Әсіресе ерте піскен көкөністер мен жемістерді тұтынғанда абай болу керек.

  «Қарбыз бен қауын сөрелерде маусым айында пайда болады, осы жағдайдың өзі қауіпті, себебі нитраттармен улану ықтималдығы өте жоғары! Ең «жылдам» сұрыптардың өзі шілде айының соңына қарай пісе бастайды. Тамыздың соңынан бастап қазанға дейін – жақсы піскен қарбыз бен қауынды тұтынудың ең қолайлы уақыты» деп ескертеді санитар мамандар.

  Уланудың алғашқы белгілері: тез шаршау, бастың қатты ауыруы, жүрек айну, құсу және диарея, кейбір жағдайларда температура, құрысулар және буындардың ауыруы мүмкін.

  Уақтылы емдеу үшін дәрігермен кеңесу керек.

  Қарапайым кеңестер нитрат мөлшерін азайтуға және қауіпсіз тағам әзірлеуге көмектеседі:

– көкөністер мен жемістерді бей-берекет ұйымдастырылған жерлерден сатып алмаңыз;

– ерте піскен көкөністерді сатып алудан аулақ болыңыз;

– сатып алынатын өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етіңіз;

– нитраттардың тұтынылатын дозасын азайту үшін көкөністер мен жемістерді қабығынан, тамырынан (көкөністерде), сабақтарынан (ақжелкен, аскөк, балдыркөк, қырыққабат) тазартыңыз.

  Тамыр жемістерін және жапырақтарды бір-екі сағат суға салып қою арқылы нитраттарды «жуып тастауға» болады. Нитраттардың мөлшерін азайту тұрғысынан жемістерді дайындаудың ең тиімді әдісі – пісіру.

  Ерте піскен жеміс-жидектерге, көкөністерге сақтықпен қарау керек. Дұрыс тамақтану салауатты өмірдің кепілі екенін ұмытпаған жөн.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған