Skip to content
Главная страница » ІІМ МЕН ҒЖБМ ЕЛІМІЗДІҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ІІМ МЕН ҒЖБМ ЕЛІМІЗДІҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

       Ішкі істер мен ғылым және жоғары білім министрліктері арасында еліміздің жоғары оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды Sanur.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасар. 

     Іс-шараға екі ведомство басшылығы мен олардың негізгі қызметтерінен басқа ZOOM режимінде жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары мен өңірлік полиция департаменттерінің бастықтары қосылды.

      Бүгінде еліміздегі студенттер саны 600 мыңнан асады. Сондықтан сапалы білім беру және барлық сала бойынша білікті мамандарды даярлау үшін қауіпсіз жағдайлар жасау ең өзекті және басты мәселелердің бірі болып табылады. Кездесуде бұл мәселе тек полиция қызметімен ғана шектелмей, оған қоғамның, оқу орындарының басшылары мен уәкілетті органдардың өкілдері де қатысуы тиіс екендігі атап өтілді. Бұл жасалған меморандум жоғары оқу орындарында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, жоғары білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта құру және студенттер арасында құқықтық тәртіпті нығайту бойынша жоғары оқу орындары мен мемлекеттік органдардың ортақ жауапкершілігінің кепілі болады. Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, жастардың қауіпсіздігі мәселесі ІІМ әзірлеп жатқан Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасына енгізілген. Қылмыс деңгейіне 250-ден астам фактор әсер ететіні ғылыми дәлелденген. Бұл негізінен әлеуметтік, экономикалық, географиялық, көші-қон, мәдени, демографиялық және басқа да факторлар. Сондықтан тұжырымдаманың ерекшелігі – құқықтық тәртіптің жағдайына әсер ететін өмірдің барлық салаларын кешенді қамту. Ол өз сөзінде өткен жылы оқу орындарының студенттері 696 қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын, оның ішінде ЖОО студенттері 143 қылмыс жасағанын атап өтті. Жауапкершілікке тарту кей жағдайда олардың болашақ тағдырына теріс әсер етеді. Бұл туралы барлық студенттер білуі керек.

      Ведомство басшысы жастардың құқыққа қайшы мінез-құлқына ықпал ететін себептер мен жағдайларды мүмкіндігінше болдырмау қажеттігін атап өтті. Сондықтан Тұжырымдама шеңберінде барлық субъектілердің ортақ жауапкершілігін белгілей отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алудың тұтас жүйесін құру көзделіп отыр. Бұл жұмыста дәлелді профилактика деп аталатын ғылыми компонентті дамыту жоспарланып отыр. Қылмыстың алдын алу және болжау эмпирикалық зерттеулердің деректеріне негізделуі керек.

– Осыған байланысты ІІМ ведомстволық ғылымның елдің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтасуына мүдделі, – деп мәлімдеді Ішкі істер министрі.

    Соңында Марат Ахметжанов студенттерге полицияға құқық бұзушылықтардың алдын алуға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектескені үшін алғыс айтып, жоғары оқу орындарының ректорларына құқық тәртібін қорғауға қатысатын студенттерді қолдауды сұрады.


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған