Skip to content

ІІМ ОТБАСЫНДАҒЫ ЖАНЖАЛ КЕЗІНДЕ ПОЛИЦИЯҒА БЕЛГІ БЕРУ ҮШІН ЫМ-ИШАРА ТІЛІН ҚОЛДАНУДЫ ҰСЫНДЫ

    Ішкі істер министрлігі отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек сұрау кезінде халықаралық деңгейде мойындалған ым-ишара тілін қолдануды ұсынады, деп хабарлайды Sanur.kz.

       «Біз заңнаманы жетілдіру аясында тиісті алгоритмдерді әзірледік. Полиция қызметкері келген кезде бастысы – ол жәбірленуші мен агрессорды ажырата алуы тиіс. Бұл – міндетті ереже және ол агрессор тарапынан жасалуы мүмкін қысымның алдын алуға бағытталған. Кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері зорлық-зомбылық құрбанын сабырға шаықырып, мән-жайды анықтай бастайды. Осы орайда біз азаматтарға мынаны жеткізгіміз келеді: егер өміріңізге қауіп төніп тұрғанын айту мүмкіндігі болмаса, онда халықаралық ым-ишара тілін қолдану қажет. Егер адам бас бармағынын алақынына қарай бүгіп, қалған төрт саусағымен қолын жұдырық етіп жұмса, ол азаматқа қауіп төніп тұрғанын және көмек қажет екенін білдіреді», – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров ОКҚ-де өткен брифингіде.

       Қоса кетсек, 1 шілдеден бастап отбасылық зорлық-зомбылық әрекеттеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске өзгеріс енеді. 

     Атап айтқанда, енді әкімшілік іс қозғау үшін жәбірленушінің арызы қажет емес.

   Ол көршілер мен куәгерлердің айғақтарына негізделеді. Сондай-ақ, жәбірленуші мен агрессорға қайта татуласу мүмкіндігі берілмейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *